Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшінің қаза болғанын растады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
-Ағымдағы жылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі — суицид, - делінген хабарламада.
ҰҚК баспасөз қызметі мәлім еткендей, полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Фотосурет: kaztag.kz
Пікірлер