Соңғы уақытта халыққа электр есептегіштерін тегін ауыстыруды жиі ұсынатын болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ өкілдері белгісіз біреулердің шығысқазақстандықтарға электр есептегіштерін тегін ауыстыруды ұсынып, SMS арқылы жіберілген кодты сұрайтын жағдайлар жиі кездесетінін мәлімдеді.
- Бұл әрекеттерді сіздің жеке ақпаратыңызға қол жеткізуге тырысатын алаяқтар жүзеге асырып отыр. Алаяқтардан сақ болыңыз және тек ресми компания өкілдеріне хабарласыңыз, - делінген компания ақпаратында.
Пікірлер