8 қараша күні Ұлан аудандық тілдерді оқыту орталығының бастамасымен "Тіл – ұлттың ең асыл қазынасы: оқылым дағдыларын дамытудың тиімді тәсілдері мен әдістері" атты облыстық семинар өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараға өңірдегі тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен қазақ тілі оқытушылары қатысты. Онда тіл жанашырлары оқытудың тиімді тәсілдері мен әдістері бойынша өзара тәжірибе алмасты. Семинар соңында барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.
Пікірлер