A+ A A-

talgatzhan 53 8-11-2024, 14:50 0

Өскеменде актриса театр директорын сотқа берді

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласында актриса өзін жұмыстан заңсыз шығарып жіберген театр басшылығын сотқа берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ШҚО драма және оперетта театрында 30 жылдан астам актриса болып жұмыс істеген әйел еңбек шартының заңға қайшы бұзылғанын айтып, сотқа арыз түсірген.

-Талапкер жұмыстан өз еркімен шықпағанын, театр басшылығының ұжымдық шарт талаптарын орындамағанын жеткізді. Белгілі болғандай, актрисаға репетиция уақыты айтылмай, спектакльдерде ойнайтын рөл мүлде берілмей келген, - делінген ақпаратта.

Сот жұмыс беруші тарапынан бұзушылықтарды анықтап, актрисаның жұмыстан шығарылуына оның басшылықпен кикілжиңі себеп болды деген қорытындыға келді. Актриса қайта жұмысқа орналастырылды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив