Биыл өңірдегі өндіріс орындарында 80 жазатайым оқиға тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салдарынан 92 жұмысшы зардап шекті. Оның ішінде, 15 адам ажал құшса, 47-сі ауыр, 30 адам жеңіл жарақат алды. Жалпы өндірістік жарақаттану деңгейі былтырмен салыстырғанда 1,1 %-ға төмендеді.
Ал арнайы тергеп-тексеру қорытындысында полиция органдарына кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін 80 материал жолданды. 162 лауазымды тұлға тәртіптік және екі қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, алты қызметкер жұмысынан шеттетілді.
Облыстағы 90 кәсіпорында 184 өндірістік объекті мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын қамти отырып, аттестаттау жүзеге асырылды. Ал 185 кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша стандарттар енгізілді. Жалпы алғанда, қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру мақсатында жасалған шарттар үлесі белсенді кәсіпорындардың жалпы санының 65,1% құрады.
Фотосурет: qaz-media.kz
Пікірлер