A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 09:00 0

Қазақстанда акциз салығы өседі – ШҚО-да әсері қалай сезіледі?

Бүгін / ШҚО

Салық өсімі нәтижесінде алкоголь, темекі және энергетикалық сусындардың бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақстанда бірқатар тауар түріне салынатын акциз мөлшері артты.

– Жаңа өзгерістерге сәйкес, алкоголь өнімдері, темекі және басқа да тауарлар бойынша акциз мөлшері орта есеппен 10 пайызға көбейеді. Мәселен, алкоголь өнімінің бір литріне салынатын мөлшерлеме бұрын 2550 теңге болса, енді 2805 теңгеге дейін өскен, – деді ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова.

Анықталғандай коньяк пен брендиге қатысты акциз көлемі де артты. Бұған дейін 1000 теңге болған мөлшерлеме 2805 теңгеге дейін жеткен.

– Шарап өнімдерінде де өсім бар: бір литр шарап үшін акциз 35 теңгеден 38 теңгеге, ал құйма шарап бойынша 170 теңгеден 187 теңгеге дейін көтерілді. Темекі өнімдеріне салынатын салық та өзгереді. Бұрын 1000 дана темекіге 15 900 теңге көлемінде акциз белгіленсе, қазіргі көрсеткіш 18 051 теңгені құрайды. Ал 2030 жылға қарай бұл мөлшер 25 607 теңгеге дейін ұлғаяды, – деді департамент өкілі.

Жоғары құнды импорттық өнімдерге де қосымша акциз тәртібі енгізілмек. Атап айтқанда, бағасы 500 мың теңгеден асатын алкоголь өнімдеріне 10 пайыздық акциз салынады. Бұл талап қымбат импорттық темекілерге қоса қамтиды.

Сонымен қатар бағасы 18 мың АЕК-тен жоғары жеңіл көліктерге және 24 мың АЕК-тен асатын су және әуе көліктеріне де осындай тәртіп қолданылады.

Өзгерістердің тағы бір бағыты – энергетикалық сусындарға қатысты. 2026 жылдан бастап бұл өнімдерге әр литріне 100 теңге көлемінде акциз енгізіледі. Алдағы бес жыл ішінде бұл мөлшер біртіндеп 240 теңгеге дейін өседі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив