A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 09:55 0

ШҚО құрамасы республикалық жарыста топ жарды

Бүгін / ШҚО / Спорт

28-30 маусым аралығында Астанада Қазақстан Республикасы халқының Президенттік дене шынықтыру даярлығы сынақтары өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жарысқа елдің 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың командалары қатысты. 

Шығыс Қазақстан облысының құрамасы ерлер және әйелдер арасында 11 жас санаты бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, 9–10, 11–13, 14–15, 16–17, 18–23, 24–31, 32–39, 40–49, 50–59, 60–69 жас және 70 жастан жоғары санаттарда өнер көрсетті.

Қатысушылар спорттың 4 түрінен сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрамасы 17 команданың ішінде жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.

Ақпарат және фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив