A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 10:00 0

ШҚО-да КамАЗ аударылып, бір адам көз жұмды

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі тасжолдардың бірінде жол апатынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Өскемен-Риддер тасжолының 42-шақырымында болған.

- 59 жастағы жүргізуші басқарған КамАЗ аударылып кетті. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив