"Қазгидромет" ШҚ филиалының мәліметінше, 9 қарашада облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз өңірдің батысында, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Өскеменде бұрқасын болып, жылдамлығы 15-18 м/с жететін жел соғады.
-Егер көлігіңіз қыс мезгілінде жүру үшін жабдықталмаған болса, елдімекендерден тыс сапарға шықпағаныңыз жөн. Автомобильшілер жылдамдық режимін сақтауы керек, ал жаяу жүргіншілер жарақат алмас үшін абай болу қажет, - делінген ШҚО ТЖД ақпаратында.
Төтенше жағдайда "112"нөміріне қоңырау шалыңыздар.
Пікірлер