A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:15 0

ШҚО-да мотоциклмен аударылып қалған ер адам көз жұмды

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында мотоциклмен аударылып қалған ер адам қаза болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Ұлан ауданы аумағында болды.

- 51 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны «HUSQVARNA 901 NORDEN» маркалы мотоциклмен Алғабас ауылынан Тарғын ауылы бағытына қарай келе жатып, рөлді басқара алмай, аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, - деді ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив