A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 14:40 0

ШҚО әкімі шығысқазақстандықтарды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтады

Бүгін / ШҚО

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов өңір тұрғындарын Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Құрметті шығысқазақстандықтар! Бүгін еліміздің даму жолындағы жаңа кезең басталды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты - елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жаңа Конституцияның басты өзегі. Бүгінде баршамыздың алдымызда ортақ міндеттер тұр. Олар - қоғамдық келісімді нығайту, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, өңірлерді жан-жақты дамыту, сапалы білім мен қолжетімді медицинаның өрісін кеңейту, қуатты экономиканы қалыптастырып, әр азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау. Шығыс Қазақстан алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қоса береді деп сенемін, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив