A+ A A-

talgatzhan 52 8-11-2024, 15:51 0

ШҚО-да әкімдер форумы өтті

Бүгін / ШҚО

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев «Халықпен бірге!» атты барлық деңгейдегі әкімдерінің  өңірлік  форумына қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Шара барысында «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» партиялық жобаларын жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Жиналғандар ауылдарға қатысты мәселелерді айтып, атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларды белгіледі.
Облыс әкімі Ермек Беделбайұлы мұндай форумдар халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында өткізілуі тиістігін атап өтті. 
- Әкімдер берген қаржыны игеріп отыратын кісі емес, іскер болуы тиіс. Қазір бізде қалай? Ақша бөлінеді, оны игереді, артынан мақтанып есеп береді. Халықпен тығыз байланыс орнатып, мәселелерін шешу керек. Ауылдарда  шағын болса да, өндірістер ашуға көмек көрсетіңдер. Бұл нағыз іскер әкім екендіктерінді көрсетеді. Мемлекет басшысы біздің алдымызда халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша үлкен міндеттер қойды және біз оларды орындауымыз керек, - деді ол.
Форумға AMANAT партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық мәслихаттың төрағасы мен депутаттары, басқармалардың басшылары қатысты.
AMANAT партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев өз сөзінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, халықтың нақты мәселелерін шешуге бағытталған партиялық жобалар туралы айтты.
Ал форумның екінші бөлігі семинар-тренингпен жалғасты. Онда әкімдер заңнамадағы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив