A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 08:00 0

Марқакөл ауданында 308 млн теңгеге 24 жоба іске асырылмақ

Бүгін / Марқакол

Өткен аптада Өңірлік коммуникацялар қызметі алаңында Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешев журналистерге аймақтың дамуы туралы ақпаратпен бөлісіп, есеп берді. Оның сөзінше, ауданда инфрақұрылымды жақсартып, абаттандыру жұмыстарына қомақты қаржы бөлінуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, Марқакөл ауылында жөндеуден өткен, жаңадан салынған және әлеуметтік нысандарды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Қазір мамандар жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде.

– Бүгінде «Марқакөл ауылында орталық қазандық пен жылу желілерін салу» жобасы әзірленуде. Сонымен қатар «Марқакөл ауылының жылу желілерін реконструкциялау» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Жобаның жалпы құны – 4,9 миллиард теңге, – деді аудан әкімі Рүстембек Кемешев.

Тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету үшін Орта-Теректі су қоймасы бөгетін қайта жаңғыртылуда.

Сондай-ақ биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 50 маманға көтерме жәрдемақы төленбек. Бұл мақсатқа жалпы көлемі 21 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 15 адамға 147 миллион теңге көлемінде бюджеттік несие беру қарастырылған.

Ресми ақпаратқа сенсек, ауданда инфрақұрылымды жақсартып, абаттандыру жұмыстарына қомақты қаржы бөлінуде.

– Жаңаауыл, Игілік және Марқакөл ауылдарында балалар ойын алаңдарын салу бойынша үш жоба жүзеге асырылуда. Оған 29 миллион теңгеден астам қаражат бағытталды. Ақбұлақ ауылында құны 20 миллион теңге болатын футбол алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аудан бойынша саябақтар, скверлер мен алаңдарды абаттандыруға арналған 24 жобаны іске асыру үшін 308 миллион теңге қарастырылған, – деді әкім.

Жобалар қатарында Ұрынқай ауылын абаттандыру, Марқакөл, Қалжыр және Боран ауылдарындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына қоршаулар орнату, Марқакөл ауылындағы «Жеңіс» саябағына шағын сәулеттік нысандар орналастыру, Марқакөл мен Төсқайың ауылдарында стационарлық емес сауда нысандарын орнату бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив