A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 08:15 0

Үлкен Нарын ауданында бес ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды

Бүгін / Үлкен Нарын

Ауданда туризмді дамыту үшін жол бойындағы орындар мен ауданның сәулеттік келбеті жақсартылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында аудан әкімі Елдос Байрахметов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бес көше жөндеуден өтеді

Анықталғандай, туризм – Үлкен Нарын ауданы үшін басым бағыттардың бірі. Сондықтан жергілікті билік бұл саланы дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.

– Қазір ауданда туристерді орналастыруға арналған бірнеше демалыс орны мен үш қонақүй жұмыс істейді. Сондай-ақ «Абзал» пантымен емдеу орталығы мен «Сұңқар» сауықтыру лагері бар. Аудан әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» АҚ бірлескен жобасы аясында заманауи жол бойы сервисі нысаны ашылды. Ал Приморск ауылында 120 орынға арналған демалыс орнында «Пантымен емдеу» инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр, – деді аудан әкімі.

Аталған саланы одан әрі дамыту және ауданның сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында биыл Приморск ауылындағы жағажай аумағын абаттандыру, туристік ақпараттық орталықтың аумағын абаттандыру жоспарланған. Бұдан бөлек, биыл Үлкен Нарын ауылындағы бес көше орташа жөндеуден өтпек.

– Өздеріңіз білесіздер, бүгінде Катонқарағайда жаңа әуежай салынып жатыр. Географиялық орналасуын ескерсек, бұл жоба ауданымызда да туризмнің қарқынды дамуына үлкен серпін береді, – деді Елдос Байрахметов.

Оның сөзінше, денсаулық сақтау саласында да жүйелі жұмыстар атқаруда.

– Аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу кезінде инновациялық технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. «Салауатты ұлт» жобасы аясында компьютерлік томограф пен оған қажетті жабдықтар, Холтер мониторингі аппараты сатып алынды. Рентген-маммографиялық кешен және цифрлық маммограф әкелінді, – деді әкім.

 

Медициналық пункт неге жөнделмей жатыр?

Бұған дейін Новохайрузовка ауылындағы медициналық пункт ғимаратын күрделі жөндеу жоспарланған еді. Алайда техникалық тексеру қорытындысы бойынша ғимарат апатты деп танылды.

– Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауымен ауылда жаңа заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратын салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жоба жүзеге асқаннан кейін ауыл тұрғындары сапалы әрі қолжетімді алғашқы медициналық көмекті заманауи және қолайлы жағдайда ала алады, – деді Елдос Жанболатұлы.

Бұдан бөлек, агроөнеркәсіп кешенін дамыту – Үлкен Нарынның негізгі басым бағыттардың бірі. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артып, сапасы жақсарып келеді.

– Жыл басынан бері «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы құны 113 миллион теңгеден асатын бес жоба мақұлданды. Олар қой шаруашылығын дамыту, жартылай фабрикат өндіретін кәсіпорындар ашу, туризм саласын дамыту және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қамтиды. Сонымен қатар бес ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Бұл ауыл тұрғындарының бірлесіп еңбек етуіне, өндіріс көлемін ұлғайтуына және нарыққа сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді, – деді аудан әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив