A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:55 0

Өскеменде Жаңа Конституция күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін / Өскемен

1 шілде – Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының күшіне енген күніне орай қалада «Жаңа Конституция: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» атты мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара барысында «Әділет» партиясының жастары қала тұрғындарына, әсіресе жастарға жаңа Конституцияның қабылдануы мен күшіне енуінің тарихи маңызын түсіндіріп, оның негізгі бағыттары мен қоғам өміріндегі рөлін кеңінен таныстырды. 

– Мерекелік бағдарлама аясында патриоттық әндер шырқалып, жиналған көпшілікке әсер қалдырды. Арнайы ұйымдастырылған фотобудка тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырып, көпшілік естелік суреттерге түсіп, жарқын эмоция алды, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, кішкентай тұрғындарға Қазақстан Республикасы тулары мен шарлар таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Қала тұрғындары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, Конституцияның қоғамдағы орны мен маңызы туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара азаматтардың конституциялық құндылықтарға деген құрметін арттырып, елдің болашағына деген сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық бастама болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив