A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 09:05 0

Өскемендік тұрғын 1900 жылы шыққан тапаншаны полицияға тапсырды

Бүгін / Өскемен

Шығыс Қазақстанда атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыру бойынша республикалық акция жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда полиция бөлімшелеріне 49 бірлік атыс қаруы өз еркімен өткізілді. Әдеттегі аңшы мылтықтарының ішінен сарапшылардың ерекше назарын 1900 жылғы үлгідегі аңызға айналған "Браунинг" жүйесіндегі өздігінен оқталатын тапанша (калибрі 7,65 мм) аударды.

Бұл – әйгілі қару-жарақ шебері Джон Мозес Браунинг жасаған, әлемдегі алғашқы сериялы өздігінен оқталушы тапаншалардың бірі.

– Тапанша сот-баллистикалық сараптамадан өтті, оның ақаусыз екені расталды. Қарудың көнелігіне қарамастан, ол өз жауынгерлік қасиетін сақтап қалған. Мамандар химиялық өңдеу әдісімен сериялық нөмірдің бір бөлігін қалпына келтіруге қол жеткізді, – деді ШҚО Полиция департаментінің криминалист сарапшылары.

Қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекетінде өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілері болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен толық босатылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив