A+ A A-

talgatzhan 47 Бүгін, 10:25 0

ШҚО-да адам құтқарған мұғалім мен оқушылар марапатталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері суға батып бара жатқан азаматты құтқаруға атсалысқан Серебрянск қаласындағы №4 орта мектебінің мұғалімі Берік Тұрқановты, оқушылар Нұртілек Жамиев пен Сабыр Нұрғазыны марапаттады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

13 маусым күні Бұқтырма кентіндегі демалыс орындарының бірінде жас жігіт суға батып кете жаздады. Оқиғаға куә болған оқушылар ересектермен бірге бірден көмекке ұмтылды. Ал Берік Тұрқанов су көлігін пайдаланып, зардап шегушіні жағаға жедел жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
ШҚО ТЖД мәліметінше, педагог пен оқушылардың батыл әрі жедел әрекеті жоғары бағаға лайық. Олардың ісі өзара көмекке, жауапкершілікке және қиын жағдайға тап болған адамға қол ұшын созудың жарқын үлгісі екенін атап өтілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив