A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:00 0

Қазақстан орнықты даму жөніндегі жаһандық рейтингте үш сатыға көтерілді

Бүгін / Республика

Қазақстан орнықты даму жөніндегі жаһандық рейтингтегі позициясын ілгерілетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Қазақстан орнықты даму саласындағы жаһандық күн тәртібіндегі өз ұстанымын нығайтуды жалғастырып отыр. 2026 жылғы Орнықты даму жөніндегі есептің (Sustainable Development Report) қорытындысына сәйкес, еліміз Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу индексі бойынша 169 мемлекеттің ішінде 67-орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 3 сатыға жоғарылады. Еске салсақ, 2025 жылы Қазақстан 167 елдің ішінде 70-орында болған.

2026 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан G20 елдерінің бірқатарын, оның ішінде Индонезия, Мексика, Түркия, Үндістан және Сауд Арабиясын басып озды, — делінген Экономика министрлігінің хабарламасында.

Мысалы, ең маңызды жетістіктердің бірі ретінде ОДМ 6 «Таза су және санитария» бағыты бойынша қол жеткізілген ілгерілеуді атап өтуге болады. Халықтың базалық ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 95,4%-дан 97,8%-ға дейін артты, тұщы су алу көлемі азайды, сондай-ақ өндірісі су тапшылығы байқалатын су ресурстарын пайдалануды талап ететін импортталатын тауарлардың құрамындағы су көлемі қысқарды.

Сонымен қатар, әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, инновациялық қызметті ынталандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру сияқты ОДМ-ның негізгі бағыттары бойынша тұрақты ілгерілеу байқалады. Бұдан бөлек, Қазақстан ОДМ-ды мемлекеттік саясатқа ықпалдастыру жөніндегі SDSN сараптамалық сауалнамасына енгізілген Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет атанды.

Жаһандық рейтингтегі позицияның жақсаруы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін және орнықты, инклюзивті әрі ұзақ мерзімді даму қағидаттарына бейілділікті растайды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив