18 шілдеде ШҚО Көпсалалы Онкология және хирургия орталығында сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара аясында орталықтың жетекші мамандары саркоманы ерте диагностикалау және алдын алу бойынша тегін кеңес береді.
Қажет болған жағдайда қосымша тексерулер жүргізіледі.
— Жеке куәлікті және бұрынғы тексерулердің нәтижелерін (ультрадыбыстық, компьютерлік томография, МРТ, рентген, медициналық карталар) әкелуге болады, - делінген орталық берген ақпаратта.
Орталық Потанин көшесі, 6, 1 ғимарат (консультативтік-диагностикалық бөлім) мекенжайы бойынша орналасқан.
Қосымша сұрақтар: +7 (7232) 20-89-97; +7 771 944-48-08.
Пікірлер