A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 12:15 0

Өскеменде Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің концерті өтеді

Бүгін / Өскемен / Руханият

5 шілде күні кешкі сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле қоңыр үнді домбыра» атты мерекелік концерт өткізілмек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Концерттің бас дирижері көрнекті мәдениет қайраткері Шалқар Рысханұлы, ал дирижерлік қызметті Мәдениет саласының үздігі Ержан Қасымқанов атқарады.

Бағдарламада ұлттық музыкалық мұра байлығын ашатын қазақ халық музыкасы мен күйлерінің туындылары орындалады. Сондай-ақ, Мәдениет саласының үздігі Нұргүл Қабдоллаева, ұлттық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Хадхан Манай, Абай Қайырбек, Естай Матабаев және Ерасыл Ринатов өнер көрсетеді.

Ұйымдастырушылар концерттің көрермендерге қазақ музыкалық мәдениетінің дәстүрін сезінуге, халық аспаптары әуені мен танымал аймақтық орындаушылардың шығармашылығынан ләззат алуға болатынын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив