ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отрядының инспекторлары «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» Күршім балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің қызметкерлерімен Бұқтырма су қоймасының «Тораңғы» шығанағының жағалауы мен Ертіс су айдынының жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тазалық акциясы барысында жағалау аумақтары тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, шыны ыдыстардан, полиэтилен қаптардан және өзге де қоқыстардан тазартылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шамамен 1 250 келі қатты тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы қоқыс полигонына шығарылды. Атқарылған жұмысқа жалпы 10 қызметкер қатысты.
Пікірлер