A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:05 0

ШҚО-да шілдеде аптап ыстық пен жаңбыр жиі алмасып тұрмақ

Бүгін / ШҚО

Өңірде шілде айында аптап ыстықпен қатар, нөсер жаңбыр мен найзағай жиілейді. Ауа райының осылай құбылып тұруы жаздың екінші айының басты ерекшелігі болмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, шілденің алғашқы күндерінде өңірге белсенді циклон әсер етіп, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел екпіні күшеюі мүмкін.

Одан кейін аймақта қайтадан ыстық күшейгенімен, ұзаққа созылмайды.

- Шілденің алғашқы онкүндігінде Қазақстанның шығысында күндізгі ауа температурасы біртіндеп +30...+38 градустан +25...+35 градусқа дейін төмендейді. Кейін аптап ыстық нөсерлі жаңбыр, найзағай және желдің күшеюімен алмасып отырады», - деп мәлім етті «Қазгидромет» мамандары.

Айдың екінші жартысында да ауа райы тұрақсыз болады. Аптап ыстық салқындау күндермен және жауын-шашынмен кезектесіп отырады.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан шілде айында жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болады деп болжанған өңірлердің қатарына енді. Синоптиктердің мәліметінше, ай бойы облыста 25-тен 85 миллиметрге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. Ал аймақтың оңтүстік бөлігінде бұл көрсеткіш көпжылдық орташа деңгейден сәл жоғары болады.

Жаңбырлы күндерге қарамастан, шілде айы жазға тән ыстығынан ада болмайды. Ең ыстық күндері ауа температурасы қайтадан +30 градустан жоғары көтеріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив