Қазгидромет 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Алдағы күндері Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық фронттың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бүкіл кезең бойы республиканың солтүстігінде, 4 шілдеде солтүстік-батыста, 4–5 шілдеде оңтүстік-шығыс пен орталықта, 5–6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жауады.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Шығыс өңірлерде бүкіл кезең бойы +35…+37°C-қа дейінгі қатты ыстық сақталады.
Пікірлер