A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 16:00 0

Елде қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келеді

Бүгін / Республика

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі әдебиетке қызығушылық артып келеді. Кейінгі бір жылда көпшілік кітапханаларынан оқырмандарға 88,9 млн басылым берілсе, оның 53,4 миллионы немесе 60,1 пайызы қазақ тіліндегі әдебиеттер болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бұл үрдіс кітапхана қорларының толығуынан да көрінеді. Бір жыл ішінде көпшілік кітапханаларына 906,5 мың жаңа басылым түсіп, соның 662,3 мыңы қазақ тіліндегі кітаптар.

Бүгінде еліміздің көпшілік кітапханаларындағы қазақ тіліндегі әдебиеттер қоры 30,3 млн данаға жетті. Бұл — жалпы кітапхана қорының 41,7 пайызы.

Оқырмандар арасында көркем әдебиетке деген сұраныс дәстүрлі түрде жоғары. Көркем шығармаларға, тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы еңбектерге жалпы берілген кітаптардың 57,6 пайызы немесе 51,3 млн данасы тиесілі. Бұл бағыттағы басылымдар жаңа түсімдер арасында да басымдыққа ие. Бір жылда кітапхана қорлары осындай мазмұндағы 577,7 мың басылыммен толықты. Бұл барлық жаңа түсімнің 63,7 пайызын құрайды.

Көпшілік кітапханалары оқырмандарының елеулі бөлігі балалар мен жастар. Олардың арасында 15 жасқа дейінгі 1,75 млн бала мен 1,38 млн жас бар. Ересек оқырмандардың саны 2,4 млн адам.

Өңірлер бойынша кітап оқитын тұрғындардың ең жоғары үлесі Павлодар облысында тіркелген — 47 пайыз. Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан облысы — 45 пайыз және Батыс Қазақстан облысы — 42 пайыз көрсеткішпен тұр.

Бұл деректер көпшілік кітапханаларының елдің мәдени-ағартушылық кеңістігіндегі орны нығайып келе жатқанын аңғартады. Қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныстың артуы, көркем әдебиеттің кеңінен оқылуы және балалар мен жастардың белсенділігі елімізде кітап оқу мәдениетін одан әрі дамытуға берік негіз қалыптастырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив