Бүгін Зайсан қаласының орталық стадионында ересектер арасында садақ атудан «Ұлы дала мергені – 2026» республикалық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дүбірлі доданың ашылуында Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Ерланұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шығыс Қазақстан облыстық садақ ату федерациясының Президентіне және осы спорт түрінің дамуына үлес қосып жүрген мергендерге Алғыс хаттар берілді. Спортшыларға Зайсан ауданының арнайы төсбелгілері табыс етілді.
Ауқымды спорттық іс-шараға елдің 12 облысынан келген ең үздік мергендер қатысуда. Жарыс ережесіне сай алдымен қыздар арасындағы бәсеке өз мәресіне жетті. Дәл қазір жарыс жолына ер адамдар шығып, өзара бақ сынасуда.
Пікірлер