A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 16:30 0

Катонқарағайдағы аламанның бас жүлдесіне Ақтан Нұрбаевтың ұлы көлік тігіп отыр

Бүгін / Катонқарағай / Руханият

Бұл туралы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі бойынша өткен брифингіде Мәдениет басқармасының басшысы Самат Қасенов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған брифингке облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дюсембаев та қатысты. Облыс әкімдігі қолдауымен өтетін халықаралық фестиваль 10-12 шілде аралығында ұйымдастырылады.

– Екі күнге созылатын іс-шараның алғашқы күні көрнекті ақын Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай туған жері Берел ауылындағы Патшалар жазығында «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» атты республикалық жыр кеші өтеді. Ал екінші күні республикалық ақындар айтысы мен ұлттық спорт ойындары өтеді. Ақынның ұлы Ержан Нұрбаев ұлттық спортты қолдау мақсатында бәйге жеңімпаздарына қомақты ақшалай жүлделер дайындап қойды. Ал аламан бәйгенің бас жүлдесіне автокөлік тігіп отыр, – деді облыстық басқарма басшысы Самат Берікболұлы.

Еске сала кетейік, фестивальге келетін туристер үшін бүгінде 100-ге жуық кемпинг пен 50 киіз үй дайындалып жатыр. Жалпы сыйымдылығы 3306 орын болатын 136 орналастыру нысаны қонақтарға қызмет көрсетеді.

– Егер 2025 жылы тұрғын үйлерді жалға беру қызметіне 150 үй тартылған болса, биыл бұл көрсеткішті 800 үйге дейін жеткізу жоспарланып отыр, – деді Данияр Дюсембаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив