A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 16:35 0

Altay Fest – 2026: Фестиваль аумағында 10 мейрамхана жұмыс істейді

Бүгін / Басты / Катонқарағай

Биыл екінші рет ұйымдастырылатын «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп болады деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған байланысты ұйымдастырушылар қонақтарды тамақтандыру мен қызмет көрсетуді де жан-жақты қарастырған. Жұртшылық асыға күткен халықаралық фестивальдің басталуына санаулы күндер қалды. 10 мемлекеттен келетін өнерпаздар мен қонақтар, сондай-ақ гала-концерттің басты хедлайнері Димаш Құдайбергеннің өнерін тамашалауға мыңдаған адам жиналады деп жоспарлануда.

– 10-12 шілде аралығында фестиваль аумағында 10 мейрамхана жұмыс істейді. Сонымен қатар сауда-саттықпен айналысатын 50 кәсіпкер, 40 қолөнер шебері және палау, кәуап пен басқа да тағам түрлерін ұсынатын 70-тен астам фудкорт келушілерге қызмет көрсетеді, – деді Катонқарағай ауданы әкімі Данияр Дюсембаев.

Айта кетейік, келушілерге жедел ақпараттық қолдау көрсету мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық іске қосылған. Бұдан бөлек, туристерге қолайлы жағдай жасау үшін ауданның адам көп шоғырланатын орындарына жеті туристік ақпараттық-сувенирлік карта орнатылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив