A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 16:55 0

Самар ауданында өткен жағажай волейболы жарысы жеті ауданды жинады

Бүгін / Самар / Спорт

Бүгін «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында Самар ауданының Сарыбел ауылы жағалауында жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлер арасында облыстық жағажай волейболынан турнир өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жарысқа облыстың жеті ауданынан командалар қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов қатысушыларды құттықтап, аудан жағалауы облыстық деңгейдегі спорттық, жастар және туристік іс-шараларды өткізуге қолайлы екенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай жарыстар жастардың белсенді өмір салтын қалыптастырып, бірлікке, әділдікке және өзара сыйластыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ олар қоғамдағы жауапкершілік пен тәртіп мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
Қатысушылар алдында Самар ауданының прокуроры Әділет Қуандықов сөз сөйлеп, «Заң мен тәртіп» қағидасы заң талаптарын сақтау ғана емес, қоғамдағы өзара құрметті, жауапкершілік пен қоғамдық тәртіпті нығайту екенін алға тартты. Оның айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға ықпал етеді.
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі қызықты ойындармен есте қалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив