Жыл басталғалы облыста барлығы 688 татуластыру рәсімі жүргізіліп, оның 345-і сәтті аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот кеңесінің төрағасы Төлеген Тұрғамбаевтың айтуынша, татуластыру тиімділігінің көрсеткіші 50,1 пайызға жетті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 35,3 пайыз болған көрінеді.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Ваше право» жобасы барысында төраға аталған статистика бизнестің медиация мен соттан тыс дауларды шешуге деген сенімінің бір белгісі екенін айтты.
Шығыс Қазақстан мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот мұндай тетіктердің қарызды өндіріп алуда, тауарларды жеткізу бойынша дауларда, қызмет көрсету кезінде, корпоративтік қақтығыстарда және мемлекеттік сатып алуларда едәуір тиімді екенін атап өтті. Бұл салаларда тараптар көбінесе дауларды шешуге ғана емес, ынтымақтастықты жалғастыруға да мүдделі.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Айжан Жәңгірханованың айтуынша, жанжалдарды шешудің баламалы әдістерін әзірлеу қолайлы бизнес ортасын құрудың негізіне айналып келеді.
Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының inbusiness.kz сайтына берген түсініктемесінде мұндай рәсімдердің құны тараптардың дауды шешу үшін қолданатын әдісіне байланысты екенін түсіндірді.
– Егер біз тараптар арасындағы келіссөздер мен талап арыз беру туралы айтсақ, көбінде шығын азырақ болады. Бұл жерде арыз дайындау, пошта шығындары немесе тараптар медиатор жалдауы, заңгерлік шығындарды мысал етуге болады. Егер тараптар медиаторды жалдаса, олардың қызметтері өзара келісім бойынша төленеді. Заң нақты бір тарифтерді бекітпейді. Татуластырушы бағаны даудың күрделілігіне, рәсім ұзақтығына және аймаққа байланысты анықтайды , – деді сот мамандары.
Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты өкілдері тікелей шығындарды ғана емес, сонымен қатар даудың жалпы экономикасын салыстыру маңыздылығын да атап өтті. Сот ісін жүргізу бірнеше айға, кейде одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Одан қалса, заңды өкілдердің қатысуы мен процессуалдық құжаттарды дайындауды талап ететіндері тағы бар. Кей жағдайларда тіпті сот сараптамасын қажет етуі мүмкін, бұл шығындарды айтарлықтай арттырады. Сондықтан медиация немесе заңгерлік көмекке көп ақша кетсе де, бұл бизнес үшін толыққанды сот ісін жүргізуге қарағанда арзанға шығады. Бұл тараптар өздерінің іскерлік қарым-қатынастарын сақтауға мүдделі болған кезде байқалып жатады.
Айсана МЕДЕУБЕК
Фото: ЖИ
Пікірлер