A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 10:40 0

13 – 19 шілде аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты

Аптаның дүйсенбісінде маңызды құжаттарға қол қоймаңыз. Алдын ала зерттеліп, пысықталмаған дүние жарға жығуы мүмкін. Қазір жақындарыңыз сұраса да қарызға ақша беруден бас тартқаныңыз жөн.

 

Торпақ

Пайдалы дәріс оқылатын курстарға жазылып, таным көкжиегін кеңейтіңіз. Аптаның екінші жартысына ешнәрсе жоспарламаңыз, одан да үймеленіп қалған шаруаларды біржақты етуге тырысыңыз.

 

Егіздер

Ерекше есте қалатын апта. Күтпеген жаңалықтар естисіз, жұмыста лауазымыңыз өсіп, әріптестеріңіздің арасында беделіңіз артады. Екінші жартыңызбен арақатынасыңыздың бұзылып кетпеуін қадағалаңыз.

 

Шаян

Жоспарлаған жұмысыңыз өзіңізге қасарысып алғандай алға басатын емес. Дос-жарандарыңыздан көмек сұрауға тура келеді. Түпкі ойы пайда көруді мақсат ететін таныстарыңызды іске араластырмаңыз.

 

Арыстан

Басшылықтағы ауыс-түйіс, сәт сайынғы өзгерістер сізді қашан да жинақылыққа шақырады. Жанұяңызда ыдыс-аяқ сылдырлап, жұмыста түсініспеушіліктер байқалады. Әліптің артын бағып, сабыр суыңызды сарқып алмаңыз.

 

Бикеш

Қазір бала-шағаңызды еркелетіп, жұбайыңызбен емен-жарқын шүйіркелесудің орайы тумақ. Жұмыс менмұндалап тұрса да жақындарыңызбен жиі араласуға тырысыңыз. Берекенің бастауы отағасы болғандықтан болмашы нәрсеге ашуланбағаныңыз ләзім.

 

Таразы

Қоғамда, өз шеңберіңізде қырағылық танытыңыз: әр қателігіңізді әжуа-келекеге айналдыруға асық жандар табылады. Негізі әрбір жайтқа күле қарасаңыз да болады, тек кей сәттерде эмоцияңызды білдіріп алудан сақ болыңыз.

 

Сарышаян

Жоспарыңызды орындауға деген ұмтылыстың соңы игілікке әкелмейді, өкінішке қарай. Ал нәзік жандылармен жолығуды мақсат етсеңіз ісіңіз ілгерілеп, тасыңыз өрге домалайын деп тұр. Реті келсе ешкіммен жанжалдаспаған жөн.

 

Мерген

Даудың басы әріде жатса да кінәлі араларыңызда жүруі мүмкін. Кез келген ұрыс-керістің соңы ымыраға келумен аяқталса, бұл жағдайда шу шығарған адам тура өзіңізден кінәрат іздейді. Сондықтан әр қадамыңызды екшеп басыңыз.

 

Тауешкі

Қай саланы қолға алсаңыз да еш жасқанбаңыз. Қайта өзіңізше тәжірибе жасап, қабілетіңізді әр бағытта сынап көріңіз. Демалыс күндері киім сататын дүкендерге барып, киіну үлгісін өзгертемін десеңіз, мархабат.

 

Суқұйғыш

Бірнәрсе ұнамай тұрса да оны өзгертуге қауқарыңыз жоқ. Мұның басты себебі, өзіңіздің сабырсыздығынан болуы ғажап емес. Сұхбаттасушы адамыңыз көп жайттар бейхабар болса, сырыңызды аша беруден аулақ болыңыз.

 

Балықтар

Көңіліңізді сенімсіздік жайласа тәуекел етіп, маңызды тірлікке кіріспегеніңіз дұрыс. Сезімталдық қасиетіңіз қазір қажет. Туыс-туғандарыңыздың көмекке мұқтаждығын байқасаңыз, дереу қолұшын беруге ұмтылыңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив