A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:15 0

ШҚО полициясына жарты жылда 700-ден астам өтініш келіп түсті

Бүгін / ШҚО

Облыс тұрғындары ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл жасау үшін цифрлық байланыс арналарын белсенді пайдалануда. Заманауи сервистер полицияға хабарламаларды жедел жолдауға және қажетті көмекті ыңғайлы форматта алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ШҚО Полиция департаментіне омниканалды сервистер арқылы 736 өтініш келіп түсті. Азаматтар арасында eGov Mobile сервисі ең жоғары сұранысқа ие, оның көмегімен 340 хабарлама тіркелген. Тағы 257 өтініш Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы келіп түсті. Сондай-ақ өңір тұрғындары Police-102 сервисі арқылы 134 хабарлама жолдаған.

Цифрлық байланыс арналары арқылы түскен әрбір хабарламаны полиция қызметкерлері заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды. Алынған ақпарат азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беруге, қажетті шаралар қабылдауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ШҚО Полиция департаменті азаматтарды полицияға жүгіну үшін цифрлық сервистерді белсенді пайдалануды жалғастыруға шақырады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив