A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 10:25 0

ШҚО-да өрт қаупіне байланысты ормандардың біріне кіруге тыйым салынды

Бүгін / ШҚО

Өрт шығу қаупінің артуына байланысты Черемшанка орман шаруашылығының орман алқабына кіруге уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

«Черемшанка орман шаруашылығы» КММ мәліметінше, мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупінің IV класы белгіленген. Осыған байланысты орман алқабына автокөлікпен кіруге және азаматтардың баруына тыйым салынды. Кіру жолдарына шлагбаумдар қойылды.

– Аудан тұрғындары мен қонақтарынан мемлекеттік орман қоры аумағына кірмеуді және енгізілген шектеулерді қатаң сақтауды сұраймыз. Бұл шаралар орман өрттерінің алдын алу, орман алқаптарын сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды, – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, өрт қаупінің IV класы кезінде, әсіресе ауа райы құрғақ әрі желді болған жағдайда, тіпті шағын ғана тұтанған оттың өзі қысқа уақыт ішінде үлкен аумаққа таралуы мүмкін.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив