A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:10 0

Алтай ауданының прокуратурасы рейд өткізді

Бүгін / Алтай

Шомылу маусымында су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі прокуратура органдарының ерекше бақылауында, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

16 шілдеде «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Алтай ауданының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жергілікті су айдындарының жағалауында ауқымды профилактикалық рейд өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру және қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Рейд барысында мобильді топ мүшелері демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын, шомылу кезінде сақталуы тиіс сақтық шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтыны ескертіліп, олардың қауіпсіздігі үшін тұрақты бақылаудың маңызы айтылды.

Сондай-ақ азаматтарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелері көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.

Облыс прокуратурасы өңір тұрғындары мен қонақтарын су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Сақтық шараларын елемеу орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив