Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Асхат Сағидолдин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл жарты жыл ішінде өңір тұрғындарынан келіп түскен тұтынушылық шағымдар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға артқан. Департамент басшысының айтуынша, бұл ең алдымен тұрғындардың өз құқықтарын жақсырақ біліп, құқықтық сауаттылығы артқанын көрсетеді.
– Департамент тарапынан халыққа түсіндіру және ақпараттық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Нәтижесінде алты ай ішінде тұтынушыларға 29 миллион теңге қайтарылды. Өтініштердің басым бөлігі eOtinish платформасы, жеке қабылдау және Telegram-бот арқылы келіп түседі, – деді Асхат Бейсенұлы.
Еркежан ОРАЛҒАЗИНА
Пікірлер