A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 17:50 0

ШҚО-да электронды саудаға байланысты шағым көп

Бүгін / ШҚО

Өңір аумағында электронды саудаға қатысты тұрғындар шағымы әлі өзекті. Биыл алты айда осы бойынша 145 өтініш қаралған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Асхат Сағидолдин соңғы жылдары интернет арқылы сауда жасау көлемі артуымен бірге шағымдар саны артқанын да айтты.

Оның сөзінше, тұтынушылар көбінде тауардың жарнамада көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмеуіне, тапсырыстың уақтылы жеткізілмеуіне, сондай-ақ сатушылардың тауарды айырбастаудан немесе ақшасын қайтарудан бас тартуына байланысты жүгінеді.

– 2024 жылы электронды саудаға қатысты 231 өтініш тіркелсе, өткен жылы олардың саны 371-ге жетті. Ал биыл алғашқы алты айда 145 өтініш қаралды, – деді Асхат Бейсенұлы.

Еркежан ОРАЛҒАЗИНА (Фото: Kazinform)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив