A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:00 0

ШҚО-да 40 адам 5 миллион теңгеден астам қаржысын қайтара алмай жүр

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстанда дұрыс тамақтану өнімдерін жеткізу қызметіне қатысты іс сотта қаралып жатыр. Бұл туралы ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен мен Риддер қалаларында қызмет көрсеткен жеке кәсіпкер тұрғындардан тапсырыс қабылдап, төлем жасалғаннан кейін тауарды жеткізбей, қаражатты қайтармаған. Салдарынан 41 тұрғынға жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам шығын келтірілді.

Қазір департамент жәбірленушілердің мүддесін қорғап, кәсіпкерге қатысты сотқа талап арыз берді. Ведомствоның мәліметінше, биыл қоғамдық резонанс тудырған шағымдар алғаш рет тіркеліп отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив