A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:05 0

ШҚО-да әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз көтерген делдал анықталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ақпаратынша, электрондық шот-фактураларды талдау барысында кәсіпкердің қарақұмық, қант пен тұзды өзі басқаратын басқа компанияға қайта сатып, бағаны бірнеше есеге өсіргені белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салдарынан қарақұмықтың үстеме бағасы 127 пайызға, қант 45, ал йодталған тұздікі 41 пайызға жеткен.

Заң бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс. Заң бұзған кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, өнімсіз делдал сауда тізбегінен шығарылды. 

Биыл өңірде осындай заңсыз делдалдық схемаларды анықтау мақсатында 32 комиссия отырысы өтіп, ондаған кәсіпкер жауапкершілікке тартылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив