A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:10 0

ШҚО әкімдігінің авиациясы Абай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды

Бүгін / ШҚО

Көршілес өңірге көмек ретінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің авиациясына қарасты тікұшақ Абай облысындағы ірі табиғи өртті сөндіру жұмыстарына жіберілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға 600 жуық адам, 148-ден астам техника және 7 тікұшақ жұмылдырылған. Әуе техникасы өрт ошақтарына аэровизуалды барлау жүргізіп, су төгуде

Шығыс Қазақстан облысы авиациясының жұмылдырылуы төтенше жағдайды жедел жою және өрттің елді мекендерге таралуына жол бермеу мақсатындағы өңіраралық өзара іс-қимыл аясында жүзеге асырылып отыр.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив