A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:50 0

ШҚО-да алдағы күндері қатты ыстық болады

Бүгін / ШҚО

"Қазгидромет" 17–19 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алдағы күндері елдің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталып, кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жел күтіледі. Сонымен қатар көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 17 шілдеде, 18–19 шілдеде күндіз 41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Сонымен қатар екі өңірде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болып, желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Мамандар тұрғындарды күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және дауылды ескертулерді назарда ұстауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив