Облыста жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жеті күн ішінде полиция қызметкерлері Жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1 700-ден астам фактісін анықтады.
Көлік құралдарын масаң күйде басқарған 20 жүргізуші шеттетілді. Қарсы бағытқа шығудың 23 фактісі және белгіленген жылдамдықты асырудың 620 оқиғасы тіркелді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген талаптарға сай келмейтін 186 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды. Арнайы тұрақтарға 105 техника, оның ішінде 28 электр самокаты мен 18 мотокөлік қойылды.
Алдын алу шарасы барысында заңсыз жолаушылар тасымалын анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері такси қызметін заңсыз көрсетудің 87 фактісін, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 8 оқиғасын анықтады.
Пікірлер