A+ A A-

talgatzhan 21 Кеше, 10:50 0

ШҚО әкімдігі мен «Тарбағатай Мұнай» ЖШС меморандумға қол қойды

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімдігінде «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-мен меморандумға қол қойылды. Құжатта компанияның Сарыбұлақ кен орнын игеру аясындағы инвестициялық міндеттемелерін жүзеге асыру көзделген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Инвестициялық қаражат өңір тұрғындары үшін маңызды жобаларды іске асыруға бағытталады. Атап айтқанда, Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылында тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып дәріхана салу, су электр станциясының құрылысын қаржыландыру, туризм мен экономика салаларындағы жобаларды қолдау және Зайсан ауданында битум өндіретін зауыттың іске қосылуына жағдай жасау жоспарланған.

- Шығыс Қазақстан үшін ірі инвестицияларды тарту ғана емес, оларды қалалар мен аудандардың нақты дамуына бағыттау маңызды, – деді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Ол әр ауданның өзіндік даму әлеуеті бар екенін атап өтті. Бір өңірдің басымдығы – өнеркәсіп болса, енді бірінде ауыл шаруашылығы немесе туризм қарқынды дамып келеді.

- Біздің міндетіміз – инвесторлардың өңірге келуіне қолайлы жағдай жасап, жаңа жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік беру. Ең бастысы, тұрғындар нақты өзгерістерді көріп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуі тиіс, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Шығыс Қазақстан облысында инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Мұндай жобалар инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің өмір сүруге, кәсіп жүргізуге әрі туризмді дамытуға қолайлы аймақ ретіндегі тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив