17-23 шілде аралығында Таиланд астанасы Бангкокта жас ерекшеліктері бойынша XII Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Азия құрлығындағы ең беделді жарыстардың бірі саналатын чемпионатқа 33 мемлекеттен 627 спортшы қатысуда.
Жарыстың алғашқы күндерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының мүшелері, олардың қатарындағы шығысқазақстандық спортшылар да жүлделі орындардан көрінді.
Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Мансұр Айтқалиев Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 4×100 метрлік эстафетада қола жүлдені жеңіп алды.
Ал жарыстың үшінші күні Анатолий Руденко ұлттық құрама сапында 4×100 метрлік аралас эстафетада күміс жүлдегер атанды.
Пікірлер