A+ A A-

talgatzhan 20 Кеше, 11:20 0

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасында екі әйел құтқарылды

Бүгін / ШҚО

Бұқтырма су қоймасының Солдат шығанағы маңында құтқарушылар қайықпен жағалауға өздігінен жете алмаған екі әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

112 қызметінің пультіне Алтай ауданындағы Солдат шығанағында суда оқиға болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қайықта екі әйел болған. Олар өз күштерімен жағаға жете алмаған.

– Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары екі әйелді және шағын көлемді қайықты жағаға аман-есен эвакуациялады. Әйелдерге медициналық көмек қажет болған жоқ, – делінген министрлік хабарламасында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив