A+ A A-

talgatzhan 20 Кеше, 11:25 0

ШҚО-дағы 80 мектептің тек 8-і ғана мемлекеттік аттестаттауды бірінші реттен өте алды

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында былтыр мемлекеттік аттестаттаудан өткен мектептердің басым бөлігі бұл рәсімнен алғашқы талпыныста өте алмады. 80 білім беру ұйымының тек 8-і ғана белгіленген талаптарға сай деп танылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қалған 72 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан қайта өтуге мәжбүр болған.

— Бұған оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келмеуі, педагог кадрлардың тапшылығы, білім беру процесін ұйымдастырудағы кемшіліктер және жекелеген мұғалімдердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі негізгі себеп болды, — делінген хабарламада.

Осыған ұқсас жағдай мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында да тіркелді. Мемлекеттік аттестаттаудан өткен 33 балабақшаның тек екеуі ғана алғашқы реттен талаптарға толық сәйкес келді. Қалған балабақшаларда анықталған кемшіліктерді жою үшін уақыт берілді.

Жүргізілген түзету жұмыстарының нәтижесінде 66 мектеп пен 20 балабақша мемлекеттік аттестаттаудан қайта өтіп, талаптарға сай екендігін растады. Ал үш жекеменшік мектепке дейінгі ұйым 2026 жылдың екінші жартыжылдығына дейін профилактикалық бақылауда болады.

Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында білім беру ұйымдары үшін жеке іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, мектеп директорлары мен педагогтер мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптары бойынша қосымша оқытудан өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив