Бастаманы іске асыру үшін 57 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның 37 млрд жуығы республикалық, 20 млрд теңгесі жергілікті маңызы бар жолдарға бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде ірі инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Өскемендегі Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы көлік айрығы. Нысан құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Пермитин-Славский көшелеріндегі жолайрықтың құрылысы, Бобровка ауылындағы инфрақұрылымды жаңғырту, Күршім ауылының айналма жолын салу және Ақ Берел өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу жұмысы жалғасуда. Ал Шемонаихадағы Үбі өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жобасы әзірленіп, мердігер анықталды. Өскеменде жаңа көпірдің жобасы әзірленіп жатыр.
Пікірлер