Биыл Үлкен Нарын, Бұқтырма су қоймасының жағалауы, Сібе көлдері мен Марқакөлге апаратын тасжолдар ретке келтіріліп жатыр. Жалпы қамтылып отырған учаскелердің ұзындығы 215 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде жолдардың сапасына бақылау күшейтілді. Бұл жұмыстар “KazRoadLab” цифрлық платформасы арқылы жүзеге асрылады. Құрылыс жұмыстарына қолданылатын материалдар мен зертханалық сынақтардың ашықтығы қамтамасыз етілген.
Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар жолдардың цифрлық паспорты толық әзірленді. Биыл бұл жұмыс жергілікті жолдарда да жүргізіледі.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында Өскемен, Алтай және Риддерде 7 мыңнан астам бейнебақылау камерасы мен 243 «Мерген» аппараттық кешені жұмыс істеп тұр.
Алдағы уақытта республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда фото және бейнетіркеу камераларын орнату мәселесі де қарастырылуда.
Пікірлер