A+ A A-

talgatzhan 50 20-07-2026, 14:20 0

ШҚО-да мал сатып алғысы келетіндерге жеңілдетілген несие беріледі

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мал шаруашылығын дамытуға арналған тиімді қаржыландыру бағдарламаларына қатыса алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Игілік» және «Береке» бағдарламалары «Ертіс» ӘКК арқылы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламалар фермерлерге инвестициялық жобаларды тиімді шарттармен қаржыландыруға мүмкіндік береді. Биылға қойылған талаптар:

1) несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%;
2) қаржыландыру мерзімі – 7 жылға дейін;
3) негізгі қарыз бен сыйақы төлемдері бойынша жеңілдік кезеңі – 30 айға дейін.

«Игілік» бағдарламасы асыл тұқымды мал сатып алуға бағытталған. Жоба аясында фермерлер импорттық асыл тұқымды ірі және ұсақ мал, сондай-ақ отандық және шетелдік асыл тұқымды жылқы, түйе, шошқа, марал және ара ұяларын сатып алуға қаржы ала алады.

Ал «Береке» бағдарламасы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, әсіресе өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отырған шаруашылықтарға арналған. Бағдарлама аясында ірі көлемде импорттық асыл тұқымды ірі және ұсақ мал сатып алуға жеңілдетілген қаржы қарастырылады.

Фото: Baq.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив