2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% артық. Өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаға өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында қазақстандық өндірушілер шетел нарығына шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе экспорттады. Отандық өнім Ресейде, Қырғызстанда және Арменияда тұрақты сұранысқа ие.
Сонымен қатар өткізу нарығының географиясы кеңейіп келеді: Өзбекстан мен Моңғолияға жеткізілім көлемі айтарлықтай артты, Әзербайжан мен Корея Республикасының нарықтарына алғашқы экспорттық жеткізілімдер жүзеге асырылды.
Отандық өндіріс көлемінің артуына байланысты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе импорты 9,2% төмендеді.
Ішкі нарықта сұраныстың тұрақты өсімі байқалады. 2026 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбені өткізу көлемі 41,4 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға өсті.
2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда сүзбенің орташа бөлшек сауда бағасы бір килограмына 2 457 теңгені құрады. Ең төменгі орташа баға Петропавл қаласында тіркелді – бір келісі1 661 теңге, ал ең жоғары баға Жезқазған қаласында – бір келісі орта есеппен 3 060 теңге болды.
Пікірлер