A+ A A-

talgatzhan 48 Бүгін, 09:30 0

Жаңбыр, бұршақ, найзағай: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 2528 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ең қолайсыз жағдайлар Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында болжанып отыр. Бұл өңірлерде нөсер жаңбырмен қатар бұршақ пен дауыл күтіледі.

Сонымен бірге Алматы, Жетісу, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында аптап ыстық сақталады. Кей жерлерде ауа температурасы +38…+39 градусқа, ал Түркістан өңірінде +40 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында шаңды дауыл болуы ықтимал. Сондай-ақ еліміздің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Алматы қаласында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы +35…+36 градус шамасында болады. Астанада да жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанып отыр.

Төтенше қызметтер тұрғындарға ауа райының күрт нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға, алыс жолға шығар алдында синоптиктердің ескертулерін ескеруге кеңес берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив