Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев автокөлік өндірісінің даму барысы жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— Қазір автомобиль өнеркәсібі — отандық машина жасау саласындағы стратегиялық бағыттардың бірі. Ол әлемнің дамыған мемлекеттер тәжірибесіне сәйкес кезең-кезеңімен дамып келеді. Мәселен, Кореяда бұл саланы қалыптастыруға шамамен 30 жыл қажет болды. Елімізде 2010-2019 жылдары отандық автокөлік өндірісінің негізі қаланды. Осы кезеңде нарыққа әлемдік жетекші брендтер келіп, құрастыру өндірісі іске қосылды. Соның нәтижесінде автомобиль өндірісінің көлемі 3 мыңнан 50 мың бірлікке дейін өсті, — деді ол.
Ал 2020 жылдан бастап сала дамудың жаңа кезеңіне өтті.
— Дәнекерлеу, бояу процестерін қамтитын күрделі құрастыру өндірісі енгізіле бастады. Соның нәтижесінде өндіріс әлеуеті артып, жыл қорытындысы бойынша 171 400 автокөлік шығарылды. Өткен жылдан бастап автомобиль өнеркәсібінің дамуының жаңа кезеңі басталды, — деді министр.
Пікірлер